
Облыс орталығындағы “Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде табысты қызмет етіп жүрген жас мамандардың бірі – Данияр Ғалеев.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде “Қаржы” мамандығын меңгерген Данияр 2010 жылдан бері серіктестікте жетекші экономист қызметін атқарып, кәсіпорынның жан-жақты дамуына атсалысып жүр. Білімін жетілдіруді мақсат тұтқан ол жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде магистр дәрежесін алған.
Ата-анасының әрдайым адал еңбек етіп, тек биікке ұмтылғанын көріп өскен жас қашан да оларды өнеге тұтады. Сондықтан да болар, өз ісіне деген жауапкершілігімен, адалдығымен, басқа да ізгі қасиеттерімен ұжым арасында абыройы артуда.
Қандай қызметті атқарсам да, ең бастысы, артылған жауапкершілікті түсінудің маңызы зор. Сонда ғана жұмыс өнімді болады деп ойлаймын. Экономист мамандығы ұқыптылықты, жинақылықты талап етеді. Осылайша, еңбегімізбен еліміздің, өңіріміздің дамуына аз да болса үлес қоссақ, біз үшін бұл үлкен мақтаныш, – дейді жас маман.
Марал БЕКТАСОВА,
“Қызылжар су” жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің
баспасөз хатшысы.