«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЮДА

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті үш жылдан бері Ресейдің Саха Республикасында орналасқан Якут мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясымен тығыз байланыста. Жыл сайын академиялық мобильділік бағдарламасы аясында студенттер ғана емес, оқытушылар да өзара тәжірибе алмасып, дәріс оқуды қолға алды. Бұрнағы күні ынтымақтастықты нығайту мақсатында Якут мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясының ректоры Иван Слепцов бастаған делегация іссапармен өңірімізде болып, жергілікті оқу орнымен танысты. 
 

Кездесу барысында екі университет арасында қосдипломдық бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Иван Слепцов якутилық студенттердің жергілікті жоғары оқу орнына үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтты. Біздің облысымыз аграрлы өңір болғандықтан, оқытушылар ауыл шаруашылығы саласына біліктілігі жоғары мамандар даярлауға үлкен жауапкершілікпен қарайтынына сенім білдірді. 
 
 
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің инфрақұрылымын бақылап, агротехнологиялық факультеттегі ғылыми-зерттеу базасының жұмысымен танысқан шетелдік делегация студенттердің дәрісіне қатысуға да ниет танытты. Сонымен қатар 1934-1937 жылдар аралығында бүкіләлемдік коммунистік партияның Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінде бірінші хатшы қызметін атқарған Якутияның көрнекті мемлекет қайраткері Максим Аммосовтың құрметіне ашылған мемориалдық тақтаға гүл шоғын қою рәсімін өткізді. 
 
 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp