«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘР КҮННІҢ АШЫҚ СӘТІ ҚЫМБАТ

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің 13 қазанға берген мәліметтеріне қарағанда, облыс бойынша 2842,1 мың гектардың астығы шабылған. Ол – жалпы алқаптың 81,7 пайызы. Гектар берекелігі 15,4 центнерден айналуда. Бастырылған ырыс дәні 4112,3 мың тоннаны құрайды. Бұл ретте көш бастап келе жатқандар Ақжар (92,7%), Уәлиханов (91,6%), Жамбыл (91,4%) аудандары болса, Шал ақын (79,3%), Тимирязев (80%) аудандарында қарқын төмен. Астық бастыруда Уәлиханов (91,6%), Айыртау (84,8%) аудандары алда келеді.

Майлы дақылдардың 368,3 мың гектары шабылып, 177 мың гектарының өнімі жиналып алынды. Шығымдылық орта есеппен 12 центнерді құрап отыр. Облыс бойынша 27,2 мың гектардың картобы мен 5,1 мың гектар алқаптың көкөнісі жиналды. Бұл дақылдардан сәйкес түрде гектар басы 193-280 центнерден өнім алынуда.  

Облыстық ауыл шаруашылығы

 басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp