«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘР САЛАДА ӨСІМ БАР

Орталық  коммуникациялар  қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков 2019 жылдың 11 айында әлеуметтік-экономикалық салада атқарылған жұмыстарды қорытындылады. 

Қала экономикасының негізін өнеркәсіптік өндіріс құрайды. Есепті кезеңде өнеркәсіп кәсіпорындары 140 миллиардтан астам теңгенің өнімін шығарды. Кәсіпкерлікті қолдау картасы осы саланы дамытудың басты құралы болып табылады. 2015-2019 жылдар аралығында 7,6 миллиард теңгенің 16 жобасы жүзеге асырылып, 489 жұмыс орны құрылды. Мәселен, солардың ішінде “РимКазАгро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сұйық сабын өндірісін жолға қойды. Осылайша, кәсіпорын басшылығы 14 адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Бұдан бөлек, бөлшек сауда айналымы 150 миллиард теңгені құрады. Қазіргі таңда бизнес қаланың дамуына оң әсерін тигізуде, – деді Болат Серікұлы. 

Бұл туралы толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp