«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘР ШАҢЫРАҚТЫҢ ТӨРІНЕН ТАБЫЛСЫН

“Қай елдің баспасөзі күшті болса, сол елдің өзі де күшті”, – деген Міржақып Дулатовтың сөзін ылайым жадымда ұстаймын. Газет – тасқа басылған тарих, өйткені, елжер өмірінен, жерлестеріміздің тағдырынан сыр шертеді. Келешек ұрпаққа бүгінгі өмірдің бет-бейнесін жеткізеді. Сондықтан да ол ұзақ жылдар бойы оқырманның айнымас серігіне, рухани досына айналып отыр.

“Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы” атанған “Soltústіk Qazaqstan” газетіне жүрегі жұртым, көңілі елім деп елжіреп тұрған әрбір азамат жанашырлық танытуы қажет. Оқырмандарға арқа сүйеп отырған ұжымның шашбауын көтеріп баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатқан уақытта қолдау білдіріп жіберейік. Әсіресе, қысқа жіп күрмеуге келмей, газетті жаздырып ала алмай отырған отбасыларға кәсіпкерлер көмек қолын созса, олардың азаматтық абыройлары асқақтай түсер еді. Халқымызда “Біреуден алғаның емес, бергенің бай қылады”, – деген тағылымды сөз бар. Ендеше, жұдырықтай жұмылып, “Soltustik Qazaqstan” газетінің жанашырына айналайық, ағайын! Жыл сайын өзім басқарып отырған “Дайындық-Агро” серіктестігінде еңбек етіп жатқан жұмысшыларға, ауыл тұрғындарына “Soltustik Qazaqstan” газетін жаздырып беремін. Биыл да біз үшін ардақты басылым ауылдастарымның төрінен табылатын болады.

Осындай сәтте ел болып қолдау білдіріп жатсақ, ол біздің бірлігіміздің, ұлт руханиятының тірегі – абыз басылымға деген құрметіміздің айғағы. Қаламының ұшымен бүгінгі заманның болмыс-бітімін тұлғалайтын журналистер қауымының уақыт алдындағы парызына құрмет көрсеткеніміз жөн. Сонымен қатар ақпарат құралдары өкілдері дәуірдің тұтас тұлғасын сомдауға үлес қосады. Сондықтан газет таралымының көбеюіне қолымыздан келгенше көмегімізді аямайық.

Біржан ШӘЙМЕРДЕНОВ, “ДайындықАгро” ЖШС-нің директоры.

Аққайың ауданы.

“Қай елдің баспасөзі күшті болса, сол елдің өзі де күшті”, – деген Міржақып Дулатовтың сөзін ылайым жадымда ұстаймын. Газет – тасқа басылған тарих, өйткені, елжер өмірінен, жерлестеріміздің тағдырынан сыр шертеді. Келешек ұрпаққа бүгінгі өмірдің бет-бейнесін жеткізеді. Сондықтан да ол ұзақ жылдар бойы оқырманның айнымас серігіне, рухани досына айналып отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp