
“Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту да қарастырылған. Осының арқасында сумен қамту және су тарату нысандарын салу мен қалпына келтіру бойынша 14 жоба жүзеге асырылды. Тоқсан ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, алдағы уақытта тіршілік көзін әр үйге енгізу көзделіп отыр. Кешенді жұмыстардың арқасында Петропавл қаласында сумен, жылумен қамту, су тарату, желілерінің тозуы 10 пайызға төмендеп, апат саны азайған.
– Барлық бағдарламалар бойынша жылу және сумен қамтитын 22 нысанның құрылысына 14 млрд. теңге қаржы тартылды. Оң жұмыстың нәтижесін тұрғындар да сезініп, 100 мың адамның жайлы өмір сүруіне жағдай жасалды,– деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.