«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘР ӨТІНІШКЕ — УАҚЫТЫЛЫ ЖАУАП

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев жеке мәселері бойынша азаматтарды қабылдауды жалғастыруда. Қабылдау алдын ала жазылу бойынша өтуде. Кездесулер барысында негізінен қылмыстық істерді тергеу барысы, қызметке орналасу, полицияның жұмысы және т.б. мәселелер көтеріледі. Әр өтініш мұқият қаралады. Қажет болған жағдайда қабылдауға бөліністердің басшылары тартылады. Жыл басынан бері облыстық полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев 114 азаматты, оның орынбасарлары 54 адамды қабылдады. Карантиндік шектеу шаралары кезінде азаматтарды қабылдау онлайн режімде бейнеқоңырау форматында жүргізілді. Бұл санитарлық нормаларды сақтау, сондай-ақ азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Олар департамент бастығымен интернеті бар облыстың кез келген жерінен байланысқа шыға алады.

Азаматтарды қабылдау әр сәрсенбі күні өтеді. Айына бір рет мұндай іс-шара міндетті түрде азаматтарды қабылдауға арналған бөлмеде ұйымдастырылады. Қабылдауға 8 (7152) 39-40-20 телефоны бойынша жазылуға болады. “Facebook” әлеуметтік желісінде облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтің ресми парақшасы жұмыс істейтінін де хабарлаймыз, оған полиция құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша жүгінуге болады.

Биыл облыстық полиция департаментіне 1422 өтініш түсіп, әрқайсысына уақтылы жауап берілді.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp