«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘСКЕРГЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Биылғы жылдың 10 қаңтарынан Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті әскери басқару органдарында 2003 жылы туған 3000-ға жуық бозбаланы әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу басталды. Бұл жұмыс наурыз айының соңына дейін жалғасады.

 Тіркеуді әскери басқару мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп жүргізеді. Тиісті мамандар азаматтарды әскери есепке қойып, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, білімі мен денсаулығын тексереді. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге тиіс барлық азаматтар шақырту қағазында көрсетілген құжаттарын алып, белгіленген күні тіркелуге келуі қажет.
Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы негізінде кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар басшылары әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуі тиіс азаматтарды қажетті уақытта босатуға және олардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімге келуін қамтамасыз етуге міндетті.
Әскери тіркеу кезінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындары мен кадет корпусына, басқа да әскери оқу орындарына түсуге, оны аяқтаған соң болашақта әскери мамандықты таңдау туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.

Айман ӘБЖАПБАРОВА.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp