«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘСКЕРИЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

Өңіріміздегі ылғал қорын талдау көрсеткеніндей, биыл су тасқынының қаупі зор. Мұны метеорологиялық болжам да растап отыр. Сондықтан арнайы қызметтер төтенше жағдайлардың алдын алуға, тұрғындарды апаттан қорғауға бағытталған іс-шараларды бастап кетті.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тарапынан құрамында 484 адам, 155 техника, 8 жүзу құралы және 72 мотопомпа бар топ құрылды. Ал жергілікті атқарушы органдар тарапынан 1619 адам, 1163 техника, соның ішінде 299 су сорғыш техника, 109 ауыр инженерлік техника және 83 жүзу құралы сақадай сай дайын. Жанар-жағар май және инертті материалдар, қаптар әзірленді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының күштері мен құралдары да дайын: төтенше жағдайдың алдын алу және халыққа жедел көмек көрсету үшін 60 адам мен 4 техника бөлінді. Олардың төтенше жағдайға дайындығын тексеру мақсатында жоспарлы және жоспардан тыс іс-шаралар өткізу жоспарланған. Осы орайда ұйымдастырылған оқу-жаттығу барысында келіп түскен дабылға сәйкес, барлық жеке құрам мен техника сапқа тұрғызылып, арнайы-тактикалық оқу-жаттығу, апаттық-құтқару жұмыстары, шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережелері бойынша семинарлар өткізілді, сондай-ақ су тасқыны кезінде жеке қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Оған қатысушылар құтқару операцияларымен, арнайы техника мен жабдықтарды пайдаланудың негізгі тәсілдерімен танысты, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін үйренді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp