«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘСКЕРИЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтында Тәуелсіздік күніне орай қоян-қолтық ұрыстан оқу орнының біріншілігі өтті. Оған оқу бөлімшелерінің курсанттары және оқу үдерісін қамтамасыз ету мерзімді қызметінің сарбаздары қатысты.

Жалпы Әскери институт қабырғасында самбодан чемпионат жыл сайын ұйымдастырылады. Содан да болар, болашақ офицерлердің қоян-қолтық ұрысқа дайындықтары да жоғары деңгейде. Олимпиадалық жүйе бойынша өткен осы жолғы турнирде әскерилер алты салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, шеберліктерін танытты. Дода барысында әр курсант кездесуін белсенді жүргізіп, бар өнерлерін көрсетуге тырысып бақты. Әсіресе, сайыстың ақтық кездесулері тартысты әрі қызықты өтті.  

Сайыстың жалпыкомандалық есебі бойынша жеңімпаз атанған 5 оқу ротасының курсанттарына грамоталар мен ауыспалы кубок табысталды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp