Елімізде бозбалаларды шақыру учаскелеріне тіркеу басталды.
Заңнама бойынша 17 жасқа толатын ер азаматтар тіркелуі тиіс. Бұл науқан азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын, мамандығы бойынша алған білім және дене дайындығы деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі. Науқан барысында денсаулығы нашар бозбалаларды емдеу-профилактикалық ұйымдарға тіркеу жүргізіледі. Әскери есепке алғаш рет тұрған азаматтармен әскери оқу орындарына оқуға түсу және келісімшарт бойынша әскери қызметке бару туралы әңгіме жүргізіледі.
https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-azamattardy-shakyru-uchaskelerine-tirkeu-bastaldy_a3484441