«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘСКЕРИ ИНСТИТУТҚА — 17 ЖЫЛ

Фариза ЖАЗИТОВА,

журналист.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерінің Әскери институтына – 17 жыл. Осы уақыт аралығында Әскери институт 2000-нан астам курсантқа білім мен тәрбие берген. Олардың арасында көршілес мемлекеттерден келіп білім алғандар да бар. Жоғары оқу орнының қызметкерлері мен сарбаздарын құттықтау үшін ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскер қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов арнайы келді.  

Аталмыш салтанатты шарада институт ұжымы мен курсанттарды облыс әкімінің атынан оның орынбасары Фархад Қуанғанов құттықтады.

Қазіргі таңда институт 6 мамандық бойынша офицерлер даярлайды. Сапалы жоғары білім алу үшін барлық жағдай жасалған Әскери институттың түлектеріне ел зор сенім артып отырғанын ҚР ІІМ ІӘ бес қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов қадай айтты. Себебі, өткен 17 жылдың ішінде ұшқан түлектердің 200-ге жуығы жоғары оқу орнын үздік тамамдаған. Осы орайда Әскери институттың түлектері ішкі әскерде ғана емес, басқа құрылымдарда да қызметтерін абыроймен атқарып жүр. Сондай-ақ бірқатар офицерлер жоғары лауазымды қызметке тағайындалған. Міне, осылай ел алдында мақтанарлықтай түлектерді даярлауға зор үлестерін қосқан Әскери институттың бірқатар қызметкерлері марапатталды.  

Суреттерді түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp