«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘУЕЖАЙДЫҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫ

Өңір басшысы Ерік Сұлтановтың тапсырысы бойынша апта сайын әуежай терминалын қалпына келтіру бойынша штабтың жиыны өткізіліп келеді. Оның кезекті отырысын облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев жүргізді.

Штабтың жұмысына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің әуежайлар басқармасының бастығы Амантай Көкетаев пен мердігерлік ұйым «ЭнергоТехноСервис» ЖШС өкілі Генрих Богдевич қатысты.

Күн тәртібінде қасбетті қалпына келтіру, ішкі жұмыстар және алаңды абаттандыру мәселелері қаралды. Штаб отырысының барысында шатырды жөндеу жайы да айтылды. Нысан құрлысының басшысы Петр Кирьянов мердігер белгіленіп, ол жұма күнінен бастап қасбеттің үлгілерін ұсынатынын айтты.

Одан соң кәріз жүйесін, қазандықты орнықтыру, электрмен және жылумен жабдықтау мәселелері талқыланды. Г. Богдевич кәріз жүйесінің барлық материалдары қолда барын, ертеңнен бастап жұмысқа кірісуге болатынын атап айтты. Ішкі әрлеу мәселелері аптаның аяғына дейін келісіліп, дизайн мен сәулелендіру бойынша ұсыныстар жасалады.

«Жобаға енгізілгеннің бәрін бұлжытпай орындау керек. Барлық ұсыныстар жобалаушылармен келісілуге тиіс», – деп тапсырды Амантай Көкетаев.

Облыс әкімінің орынбасары А. Федяев штаб отырысының қорытындылары бойынша 10 шілдеге дейін жұмыс кестесін жасауды тапсырды. Әуежай терминалын қалпына келтіру бойынша негізгі жұмыстар қыркүйек айына дейін тамамдалуға тиіс.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp