Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қазпошта» компаниясының басқарма төрағасы Бекежан Жәкеевпен кездесті. Кездесу барысында Петропавл қаласының әуежайын өңірлік мультимодальды логистикалық хабқа айналдыру жобасын іске асыру мәселесі қарастырылды.
«Өңіріміздің Ресей Федерациясымен шекаралас болуы, негізгі көлік-логистикалық бағыттардың тоғысында орналасуы жобаны іске асыруға қолайлы жағдай жасайды. Петропавл әуежайының қолданыстағы инфрақұрылымы жүк, әуе рейстерін қабылдауға, жүктерді қайта тиеуге және терминалдық әрі сервистік инфрақұрылымды кезең-кезеңімен дамытуға мүмкіндік береді», – деді өңір басшысы.
Мультимодальды логистикалық хабтың құрылуы – өңіраралық және халықаралық сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам. Бұл бастама біздің облыстың елдегі негізгі логистикалық тораптардың бірі ретіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Кездесуде «Қазпошта» басшылығы компанияның өңірмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта жобаны одан әрі іске асыру үшін инвесторлар тарту мәселесі қарастырылып жатыр.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.