«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘУЕЖАЙДЫҢ ӘЛЕУЕТІ НЫҒАЯДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбе­тов «Қазпошта» компаниясының басқарма төрағасы Бекежан Жә­кеевпен кездесті. Кездесу бары­сында Петропавл қаласының әуе­жайын өңірлік мультимодальды логистикалық хабқа айналдыру жо­басын іске асыру мәселесі қарастырылды.

«Өңіріміздің Ресей Федерация­сымен шекаралас болуы, негізгі көлік-логистикалық бағыттардың тоғысында орналасуы жобаны іске асыруға қолайлы жағдай жасайды. Петропавл әуежайының қолданыс­тағы инфрақұрылымы жүк, әуе рейстерін қабылдауға, жүктерді қайта тиеуге және терминалдық әрі сервистік инфрақұрылымды кезең-кезеңімен дамытуға мүмкіндік бе­реді», – деді өңір басшысы.

Мультимодальды логистикалық хабтың құрылуы – өңіраралық және халықаралық сауда-экономи­калық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам. Бұл бастама біздің облыстың елдегі негізгі логистика­лық тораптардың бірі ретіндегі бә­секеге қабілеттілігін арттырады. Кездесуде «Қазпошта» басшылығы компанияның өңірмен ынтымақ­тастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта жобаны одан әрі іске асыру үшін инвестор­лар тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp