«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘУЕЖАЙДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖАЛҒАСУДА

Петропавл халықаралық әуежайында жолаушылар терминалын күрделі жөндеуден өткізу, заманауи құралдармен жабдықтау және ұшу-қону алаңын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов әуежайды жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, ұшып-қону жолағы мен жолаушылар терминалын қалпына келтіруді жыл аяғына дейін аяқтауды тапсырды.

– Үкіметтің қорынан бөлінген 1,9 млрд. теңгеге ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізу, жарықпен ескерту беру құрылғысын орнату жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, жолаушылар терминалы жаңартылып, заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылады. Бұл мақсатқа 1,4 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң әуежай тұрақты жұмыс істеп, жолаушыларға қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болады, – деді Ерік Сұлтанов.

Бас мердігер “ЭнергоТехноСервис” ЖШС-і директорының орынбасары Асхат Мақышев облыс басшысын құрылыс қарқынын арттыру үшін қажетті техника мен жергілікті жұмыс күшін тартатындығына сендірді.

Жергілікті тілшілердің сауалдарына жауап берген облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бейбіт Исмановтың айтуынша, астаналық “К-Дорстрой” акционерлік қоғамы әуежайдың ұшу-қону жолақтарын жаңартуға белсене кіріскен.

Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін жергілікті әуежай республикаішілік жолаушылар тасымалымен шектелмей, Мәскеу қаласынан да ұшақтарды қабылдай алатын болады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp