«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘУЕЖАЙ ЖЫЛ СОҢЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Петропавл әуежайын қайта жаңғырту жұмыстары 2016 жылдың соңында аяқталады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы министрліктің азаматтық авиация комитетінің төрағасы Б.Сейдахметов облысқа сапары барысында Петропавл қаласының әуежайында болып, құрылыс жұмыстарымен танысқан еді.

Сонымен қатар облыс әкімінің қатысуымен бірлескен жиын өткізіліп, онда бас мердігердің құрылыс барысына қатысты есебі тыңдалды. Онда жоба бойынша атқарылған жұмыстар мен қазіргі уақытта анықталған кемшіліктер сөз болды. Бас мердігер құрылыс жұмыстарын 10 күнге кешіктіруде. Осыған байланысты, іссапар қорытындысы бойынша, 2016 жылдың қыркүйек айының соңына дейін әуежай маңын абаттандыру жұмыстарын аяқтау тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен құрылыс жұмыстарына 4 млрд. теңге бөлінді. Электрондық байқау нәтижесі бойынша бас мердігер болып «К-Жолқұрылыс» компаниясы танылды.

Аэродромдық жамылғы, ұшу-қону жолағының жасанды жамылғысы, перронның рулеждік жолын жаңғырту және ОВИ-1 жарық дабылды жабдығын орнату бойынша құрылыс жұмыстары 2015 жылдың 28 шілдесінде басталған болатын.

Жобада 10 см. асфальт бетонды қалыңдықпен қазіргі жамылғыны нығайту, оны 300 м-ге ұзартып, 18 м-ге кеңейту, рулеждік жолақ пен перронды қайта жаңарту көзделген. Ұшу-қону жолағын жөндегеннен кейін А-320-200, А-310-300, Боинг-767-200/300, Боинг-757-200/300  әуе кемелерін шектеусіз қабылдауға мүмкіндік туады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp