«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘУЕСҚОЙЛАР САЙЫСЫ

Облыс орталығындағы Спорт сарайында әуесқой командалар арасында шайбалы хоккейден облыс кубогы өтті, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.

Сайыс қорытындысы бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы аудан – үшінші, Қызылжар ауданы – екінші болса, петропавлдықтар жарыс жеңімпазы атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және сәйкесінше 300, 200 және 100 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp