«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – ТУРИЗМ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен “Нұр Отан” партиясының “Болашақ” филиалы бірлесіп, “Солтүстік Қазақстан облысындағы ғылыми-туристік қызмет: жұмыстың бағыттары мен түрлері” тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Жиын барысында ішкі туризмді дамыту, жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарын өңіріміздегі туристік орындардың жұмысымен таныстыру, жұртшылықты облыс және Петропавл қаласы мұражайларына көптеп тарту жолдары қарастырылды.  

Экономика, бухгалтерлік есеп және сервис кафедрасының аға оқытушысы Юлия Кузменко “Облыстың тарихи-мәдени және табиғи көрікті орындары туристік-экскурсиялық нысандар ретінде” атты әдістемелік құралын таныстырып, тұсаукесерін жасады. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Қанат Шамсутдинов өңірімізде туризмді дамытудың бүгіні мен болашағын тарқатып берсе, Солтүстік Қазақстан мұражайлар бірлестігі директорының орынбасары Еркін Шалкенов өңірдің беделін қалыптастыру мен патриотизмді тәрбиелеудегі мұражайдың рөлі туралы ойын ортаға салды. Туризм мамандығын меңгеріп жүрген студенттер “Қонақжай Петропавл” облыстық байқауына әзірлеген “Үздік туристік жол көрсеткіш” атты ұжымдық жобаны, құрылыс және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Юлия Попова “Солтүстік Қазақстан облысының мұражайлары” атты виртуалды көрмені таныстырды.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp