«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ – ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

Тәртіп сақшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің өкілдерімен кездесуінде «бармақ басты, көз қыстылықпен» күрес мәселесі әңгіме өзегіне айналды.

Кездесуді ашқан полиция ведомствосының бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев сақшылар жұмысына белсенді түрде енгізілген ашық диалог алаңдары, сондай-ақ, цифрландыру жүйесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ықпал ететінін айтты. Жиында бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолданатын тетіктер туралы сөз қозғалды. «Қалалық және аудандық бөліністерде ашылған 17 фронт-кеңседе азаматтарды қабылдау жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, осы қызмет түрін алған кезде адамдарға ыңғайлы жағдай жасау жұмысы жалғасуда», – деді Марат Төлебаев.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бастығы Ернар Баянғазин «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Биыл ведомство сыбайлас жемқорлыққа жол берген 27 адамның заңсыз әрекетін әшкереледі.
Шара барысында заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында әзірленген жемқорлық көріністерінің салдары мен жақын адамдарының тағдыры жайлы ойлануға шақыратын, пара алушылар жайлы бейнероликтер көрсетілді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp