«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ — ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары облыстық білім басқармасы ұжымының мүшелері үшін семинар-кеңес өткізді.

Кездесуде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық өзгерістер әңгіме өзегіне айналды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Рүстем Байжанов жиналғандарды жыл басында күшіне енген “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңмен таныстырып, өңірдің білім беру ошақтарында енгізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған оқу бағдарламаларының тиімділігіне тоқталды.

– Заңның 9-бабының 2-тармағына тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесін көздейтін “сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру” ұғымы енгізілді. Аталған оқу бағдарламаларының тиімді енгізілуі, ең алдымен, басқарманың және барлық білім беру мекемелерінің бірлескен жұмысының арқасында ғана жүзеге асырылуы мүмкін, – деді Рүстем Байжанов.

Ал мемлекеттік қызметке өту және оны өткеру ережелері мен рәсімдерінің өзгерістері жайында мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Елена Степаненко баяндады.

Семинар соңында сауалнама жүргізіліп, кездесу барысында туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp