«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ – ИДЕЯНЫҢ ӨМІРШЕҢДІГІ

Қазақстан Коммунистік халықтық партиясынан ұсынылған Қазақсан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов республикалық сайлауалды штабында кезекті жиналысын өткізді.

Кездесуде сөз алған кандидат: “Астана, Көкшетау, Петропавл және Қостанай қалаларында студент, оқытушы және өндіріс орындарының өкілдерімен кездестім. Мен оларға біздің партияның кешегі күнін ой елегінен өткізіп, күрделі кезеңнен ысылып шыққандығын жеткіздім. Біз өз жұмысымызды әділ қоғам туралы марксистік-лениндік түсініктерді сақтай отырып құруға және осы арқылы әділетсіз тұстарын жоюға тырысамыз”, – деді.

Сайлаушыларын мазалап жүрген, коммунистік партия тұғырнамасындағы дәстүрлі ұстанымдар туралы ойымен бөліскен кандидат:  

– Студенттер мен жұмысшылар біздің ұстанымымыз ескіріп, қазіргі заманның талаптарына жауап бере алмайды деген пікірлерін білдіргенде мен оларға ғылыми коммунизм классиктерінің сөздері мен тезистерін мысалға келтіріп: “Материализм негізіне құрылған марксизмнің күші мен өміршеңдігін тарихи дамудың әрбір қадамы дәлелдеп отыр дедім”, – деді.

Батыс мәдениетінің теріс ықпалы жайында да мәселе көтерген Тұрғын Сыздықов Батыстың кемшіліктері, әсіресе, мәдениет саласында анық байқалатынын айтты. Себебі, тұтынушылық сана көп жағдайда жеке бастың қамын өмірдің мәні деп қарастырады. “Ал біртіндеп адамгершілік құндылықтарын жоғалтып жатқан батыстық адам кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді. Т.Сыздықов Батыс мәдениетінің үздік көрінісі мен оның қазіргі заманда адамдар еліктейтін мысалдары туралы пікірін ортаға салды.

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды штабы атқарып жатқан жұмыстары туралы баян етті.

Кандидаттың сенімді өкілі, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының мүшесі Ирина Смирнова сайлауалды насихат кезінде партия батыстық мәдениет пен құндылықтардың көлеңкелі әсеріне баса назар аударатынын жеткізді.

Павлодар аймақтық сайлауалды штабы да атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Облыстық комитеттің жетекшісі Г.Нұғманова сайлауалды жұмыста партияның сайты және әлеуметтік желілер кең қолданылып, облыс аудандарындағы сайлаушылармен кездесулер жоспарланғанын айтты.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp