Қазақстан тәуелсіздік жылдарында талай биік белестерді бағындырып, әлемге танылды. Осы уақыттың ішінде елде өмір сапасын айтарлықтай көтеретін, Қазақстандық экономиканың келбетін өзгертетін, оның шикізат ресурстарын экспорттауға тәуелділігін азайтатын, отандық өндірістің және жоғары технологиялық секторлардың үлесін арттырудың мемлекеттік бағдарламалары қабылданды және іске асырылуда. Экономиканың және тұрғындар өмірі деңгейінің өсуі қамтамасыз етілді. Адам капиталының сапалық жағынан өсуі Қазақстанды дамытудағы жоғары басымдылық ретінде ресми деңгейде жарияланды. Әлеуметтік жаңғырту саясатын қабылдау республика азаматтарының әл-ауқатын және әлеуметтік көңіл-күйін жақсартудың ұзақмерзімді стратегиялық трендін қалыптастырады.
“Ақ жол” демократиялық партиясы мемлекетті дамытудың осы стратегиялық бағытын қолдайды. Еліміздің тәуелсіздік алуы қазақ халқының тілін, мәдениетін және рухани құндылықтарын ығыстырудан құтқарды, оларды біздің еліміздің барлық этностарының тілі мен төл мәдениетін сақтай отырып, әрбір қазақстандықтың игілігіне айналдыруға мүмкіндік берді.
Сыртқы әлемге ашықтығымыздың арқасында Қазақстан азаматтары жалпы әлемдік құндылықтарға, ғылыми-техникалық және мәдени жетістіктерге барған сайын көбірек араласа бастады. Жеке тұлғаның кәсіби, шығармашылық, рухани дамуына ел ішіндегі саяси тұрақтылық, ұлтаралық, дінаралық келісім қолайлы жағдайлар жасауда. Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде орналасуымыздың, салмақты сыртқы саяси бағытымыздың арқасында Қазақстан халықаралық қатынастарда беделді қатысушыға айналғаны жөнінде Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясының жаңа бағдарламасында кеңінен айтылған. Осы орайда білім беру саласының сапасын арттыру мәселелері аталмыш партияның сайлауалды бағдарламасының басты өзегі болып саналады. Бұл әрбір азаматтың, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын басты факторлардың біріне жатады. Бүгінде оған мемлекет пен партия тарапынан басымдық берілуде. Партиялық тізім бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығынан үміткер Евгений Кинцельдің сайлаушылармен кездесуі осы және өзге де мәселелерге арналды.
Кездесу Петропавлдағы жалпы білім беретін №1 лицейде өтті. Білім беру мекемелерінде аккредиттеу стандарттарын жүргізуге бизнес қауымдастығын тарту, емтихан өткізу және басқа мәселелер бойынша айтылған “Ақ жол” партиясының ұсыныстарына педагогтер ерекше қызығушылық танытты.
Евгений Кинцель оқу бағдарламаларының сапасы, түлектің өз қалауы бойынша ҰБТ-ның орнына емтиханды таңдау құқығын енгізу, оқушылардың кәсіптік бағдары, дайындық сапасы мен педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша “Ақ жол” ҚДП-ның ұсынысын кеңінен баяндады.
Сайлаушыларды Қазақстандағы зейнетақы реформасы, аз қамтылған тұрғындар мен жас отбасылар үшін әлеуметтік тұрғын үй құрылысы, жалпы білім беретін мектептерде оқитын жоғары сынып оқушылары үшін кәсіптік-техникалық бағдар беру пәнін енгізу мәселелері қызықтырды.Осы орайда Евгений Кинцель облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау жұмысында тәжірибесі бар кәсіби маман ретінде сайлаушыларға толыққанды жауап берді.
Іскерлік және достық ахуалда өткен кездесуде ұстаздар үміткерге мазмұнды баяндамасы үшін ризашылықтарын білдірді.
Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясының облыстық сайлауалды штабының баспасөз қызметі.