«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЖЕТ ЖАНДАРҒА – ӨЗГЕШЕ ҚҰРМЕТ

Департамент қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтаған ведомство басшысы Рамиль Камалов солтүстікқазақстандық өртсөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысын жоғары бағалап, алғысын білдірді.

Жыл басынан бері департамент мамандары 2200 рет апаттық-құтқару жұмыстарына және өрт сөндіруге шыққан. Нәтижесінде 200-ден астам адам құтқарылып, 2 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. Құтқару қызметі зардап шеккен 48 адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Өз ісін асқан жауапкершілікпен атқарған бір топ қызметкер Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар комитетінің және департаменттің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Салтанатты жиын барысында Мамлют ауданы, Воскресеновка ауылының тұрғыны Владимир Воробьевке де құрмет көрсетілді. Екі баланың өмірін өлімнен арашалаған ауыл тұрғынына арнайы медаль, ал зайыбы Татьянаға Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының атынан Алғыс хат тапсырылды. Ерлі зайыптылар 4 қараша күні суға батып бара жатқан балаларды құтқарып, аман-есен әке-шешесіне табыстаған еді.
Сонымен қатар қараша айында Есіл ауданы Ақтас ауылында өртке оранған үйден 5 газ баллонын алып шыққан Ұлттық ұлан әскери институты оқу взводының командирі Мағжан Қалықовқа “Ұлттық ұлан үздігі” төсбелгісі және Алғыс хат табыс етілді.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар  жөніндегі департаменттің  бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp