«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗАРА ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған Қызылжар өңірінің делегациясы Ресей Федерациясының Омбы облысында жұмыс сапарымен болып, шекаралық аймақтың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, ғылыми және мәдени орталықтарын аралады.

Қазақтың ағартушы ғалы­мы Шоқан Уәлихановтың ес­керт­кішіне гүл шоқтары қойы­лып, ме­мориалдық кешенде екінші дү­ниежүзілік соғыста қаза тапқан­дарға тағзым етілді. Сондай-ақ осындағы қазақ ұлттық мәдени ұйымының өкілдерімен жылы жүзді кез­десу өтті.

Ғауез Нұрмұхамбетов пен Омбы облысының губернато­ры Виталий Хоценконың екі­жақ­ты кездесуі барысында әр­түрлі салалар бойынша ше­ка­ра­лық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқылан­ды. Қос тарап арасында сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудың мол мүкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары айтылды.

“ОмЗИТ”, “Планет-Центр” серіктестіктері мен “Qyzyljar” АЭА арасында ынтымақтас­тыққа негізделген меморан­думдарға қол қойылды. Оның аясында өңірімізде жылу-энер­гетикалық қондырғылар шығару және орау материал­дарын өндіру инвест жобалары жүзеге асатын болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp