Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегінде №938 қаулысымен бекітілген көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі негізінде табиғи монополиялық субъектілерге мынадай қызмет түрлерін ұсынады:
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр қуатын сатып алу қызметіне лицензия беру; табиғи монополиялық субъектілерге мүліктік келісім жасауға рұқсат беру. Онда мүліктің үстіміздегі жыл басында ескерілген бухгалтерлік есеп құнына сәйкес активтердiң баланстық құны 0,05 пайыздан жоғары болса, келісім жасауға рұқсат беру; табиғи монополиялық субъектiнiң жыл басындағы бухгалтерлiк балансында ескерiлген, құны үстіміздегі жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес активтерiнiң баланстық құны 0,05 пайыздан жоғары болса, реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына келісім беру; табиғи монополиялық субъектінің басқа қызмет түрлерін жүзеге асыруға келісім беру; табиғи монополиялық субъектiні қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру; табиғи монополиялық субъектiнiң акциялар (қатысу үлестерін) сатып алуына, сондайақ, оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына келісім беру; табиғи монополиялар субъектiлерінiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алу әдiстемесiне келiсім беру.
Аталмыш қызметтер “Табиғи монополияларды реттеу саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №245 бұйрығымен бекітілген көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес көрсетіледі.
Департамент энергиямен жабдықтау мақсатында электр қуатын сатып алу қызметіне лицензия беру мемлекеттік қызметін ақылы негізде “Азаматтар үшін үкімет” мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе www. egov.kz “Электрондық үкіметі” веб-порталы арқылы жүргізеді. Ал қалған көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері департамент кеңсесінде немесе www.egov.kz “Электрондық үкімет” веб-порталында жүзеге асырылады.
Жыл басынан бері аталмыш департамент 6 табиғи монополиялық субъектіге 3 мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызметін ұсынды. Энергиямен жабдықтау бағытында электр қуатын сатып алу қызметіне лицензия беру немесе қайта рәсімдеу қызметтері көрсетілген жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттармен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің www.economy.gov.kz және Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің www. kremzk.gov.kz интернет-ресурстарынан, департаментте орналасқан стендтен, сондай-ақ, “Азаматтар үшін үкімет” мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының www.con. gov.kz интернет-ресурсынан жақынырақ танысуға болады.
Павел МОЩИН,
облыстық табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау департаментінің бас маманы.