
Аққайың ауданындағы Ленин ауылының маңындағы орманнан асылып тұрған қыз бен жігіттің денесі табылды. Көкшетау қаласындағы колледждің 16 жасар студенті мен Талшық ауылының 23 жастағы тұрғыны өздеріне қол жұмсаған.
Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиға орнынан қыз бен жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Олар хатты туыс-туғандарына арнап жазған. Сонымен бірге ормандағы оқиға болған жерден жігітке тиесілі ВАЗ-2109 автокөлігі де табылды. Суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті
баспасөз қызметінің бас маманы.
Сурет https://www.inform.kz сайтынан алынды.