«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗІН ӨРТЕМЕК БОЛҒАН

Петропавлдың Заречный кентіндегі тергеу изолято­рында отырған ер адам өзіне қол жұмсады.

Әлеуметтік желіде та­раған ақпаратқа сүйенсек, 37 жастағы күдікті аяғына дәретхана қағазын орап, өзін өртеп жібермек бол­ған. Оған Петропавлдағы емдеу мекемелерінің бірін­де көмек көрсетілді.

Облыстық қылмыстық- атқару жүйесі департа­ментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады.

«Тергеу изоляторында адам өлтірді деген күдікпен отырған ер адам өз-өзін өр­теуге әрекет жасады. Қа­былданған шаралар нәти­жесінде өрттің алды алын­ды. Жазасын өтеушінің ден­саулық жағдайы қанағатта­нарлық. Ер адаммен психо­лог жұмыс істеуде. Аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр», – делінген ведомствоның рес­ми жауабында.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp