Ханшайымсың қиялдағы,
Аңсап қолым жетпеген.
Елес-бейнең жиі алдады,
Құшпаған не өппеген.
Жүрегімнің дүрсілі ме ең,
Алабұртқан алқынып?
Өзіңді ойлап күрсініп ем,
Ол сезімнің салқыны.
Ай аймалап жанарыңды,
Жұлдыз тарап шашыңды.
Саған айтып сан әнімді,
Саған идім басымды.
О, құдірет, көңілімді,
Сан сарсаңға салдырған.
Мұң торласын өмірімді,
Өзің үшін жан құрбан.
Ерболат ШАЛАТАЕВ,
М. Қозыбаев атындағы
СҚМУ-дің Тіл және әдебиет институтының студенті.
Петропавл қаласы.