«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗІҢДІ ҚЫЗЫЛШАДАН ҚОРҒА

Ғасырлар бойы қызылша ауруын “балалардың обасы” деп атап келді. Бұлай аталуы тегін емес. Себебі, дерттен өлім-жітім әрқашан көп болған. Бүгінгі күні де қызылшадан көз жұмғандар қатары сейілер емес. Дүниежүзінде аталмыш сырқаттан жыл сайын 900 мың бала қайтыс болады.

Елімізде бұл дерттің 2012 жылдан бастап ұлғайғаны тіркелді. Өткен жылы облысымызда 8 адам қызылшамен ауырды.  

Қызылша ауруына жүрдім-бардым қараған дұрыс емес. Себебі, оны емдемеген жағдайда дерт асқынып, ағзаның өзге мүшелерін зақымдауы мүмкін. Бұл дерттен науқастың қайтыс болуы әбден мүмкін екендігін естен шығармаған жөн.

Жұқпалы дерттен сақтанудың бірден-бір жолы – екпе. Қызылшаға қарсы екпе егу екі деңгейде жүргізіледі: бала 1 жасқа келгенде және 6 жасқа толғанда.

Үстіміздегі жылдың 16-28 ақпан күндері аралығында өңірімізде 15 пен 19 жасқа дейінгі тұлғаларға қызылшаға қарсы қосымша екпе жүргізіледі. Аталған жастағы 21630 адамға екпе жасау жоспарланып отыр.

Екпе Петропавл қаласы мен аудандардың барлық екпе қосындарында (медицина ұйымдары, мектептер, жоғары және орта арнаулы оқу мекемелерінде) жүргізіледі. Иммундауды арнайы оқытылған және екпе жасауға рұқсаты бар медицина қызметкері жасайды.

Иммундауға қатысты қосымша ақпаратты 52-14-38, 41-20-61 телефондарынан, департаменттің www.sko-dzpp.gov.kz ресми сайтынан білуге болады.

Фарида МҰХАМЕДЖАНОВА,

облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp