Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-ші турында жергілікті “Қызылжар” клубы өз алаңында Оңтүстік Қазақстан облысының “Мақтаарал” командасын қабылдады.
Тартысты өткен кездесудегі жалғыз доп тек екінші таймда соғылды. Жерлес футболшы Тимур Мулдинов 52-ші минутта қарсыластар қақпасына доп соғып, командасын алға шығарды. Осылайша солтүстікқазақстандықтар жеңіске жетіп, қоржынға үш ұпай салды. Енді жерлестеріміз келесі турдағы ойынын қыркүйектің 18-күні “Қарасай” стадионында өткізеді. Бұл жолы Петропавлға “Алтай” командасы келмек.