Үстіміздегі жылғы қараша айының басында Петропавлдың 57 жастағы тұрғыны өмірден озған әкесінің артында қалған дүние-мүліктерін қарастырып жүріп, қауіпті қару-жарақты тауып алған. Бұл 1964 жылы шығарылған “ИЖ-26” аңшы мылтығы екен.
Қалалық ішкі істер басқармасына хабарласқан азаматқа оның қызметкерлері мылтықты өз еркімен әкеліп тапсыруға кеңес берген.
Үстіміздегі жылдың 21 сәуірі – 31 қазаны аралығында қару-жарақты тегін тапсыруға арналған республикалық акция өтіп, осы уақыттың ішінде облыстың ішкі істер органдарына 543 адам хабарласты, олар 609 қаруды, 2 гранатаны және 14346 патронды тапсырды.
Ольга ШИЯН,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің инспекторы.