Үстіміздегі жылдың 26 сәуірінде болатын Президент сайлауына қатысу – еліміздің бақытты болашағына сенетін әрбір азаматтың басты міндеті, парызы. Баршамыздың ортақ үйіміз – байтақ Қазақстанның қамын ойлап, халқымыздың еңселі ертеңіне, татулықпен атқан әр таңына алаңдайтын тұлғаны таңдау, оны ұлы сында қолдау біз үшін, жас ұрпақ үшін өнеге болмақ. Халқымыздың егемендік алғаннан кейінгі жолына, жеткен жетістіктеріне көз жүгіртіп, саралап, тереңнен оқып, осындай шешімге келдім. Тәуелсіздік атты даңғылда тәй-тәй басқан елімізді әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосып, атын әйгілеген көреген басшының сарабдал саясаты екендігін ұқтым. Осы тұста әрбір қазақстандықтың дауыс беруінің, таңдау жасауының маңыздылығы сезілері анық.
Мен биыл аталмыш саяси науқанға қатысып, өз дауысымды таңдаған адамға беру мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуанамын. Мен үшін бұл – аса жауапты сәт. Екіншіден, осы күннен бастап өзімді елдің болашағына титтей болсын үлес қосатын азамат, өз Отанымның патриоты ретінде сезініп жүрмін. Сайлауға қатысатын әрбір адамның өз таңдауына салғырт қарамауы керектігін оқытушыларымыз жиі айтуда. Жарқын болашағымызға сенімді қадам басу үшін дұрыс таңдау жасаймын деген ойдамын.
Айымгүл ҚАДЫРМЕНОВА,
М. Қозыбаев атындағы
СҚМУ-дің студенті.