«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗ ІСІНІҢ БІЛГІРІ

Ер-азаматтар сияқты, нәзік жандар да өндірістің сан түрлі саласында жемісті қызмет етіп келеді. Сондай еңбекқор жандардың бірі – Асылтас Қабдөшова.

“С.М.Киров атындағы зауыт” акционерлік қоғамында жұмыс істейтін ол – механикалық цехтың үздігі. Зауытқа отыз жыл бұрын жас маман болып келген өрімдей қыз өз ісіне деген жауапкершілігінің арқасында ұжымда орнын тауып, әріптестерінің құрметіне бөленді. “Еңбектегі басты құндылық – кәсібіңе деген адалдық” деген ұранмен жұмыс істеген ол бүгінде ІІ разрядты қалыптаушы дәрежесін иеленген.

Ұжымдағы көпжылғы еңбегі ескерілген білікті маман “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ-ның 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шарада облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

 Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.

 Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp