«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

Рустам Жаңабаев – облыс орталығындағы “Петропавл балық тәлімбағы” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының білікті маманы.

Ол өңірімізде балық санын молайту бағытында белсенділік танытып жүрген кәсіпорында табысты еңбек етіп келеді. Орта мектепті тамамдаған соң Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне оқуға түсіп, балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау мамандығын меңгерген. Жоғарғы оқу орнында алған теориялық білімін еңбек тәжірибесімен ұштастыра білген ол мекемедегі білімді де білікті 13 маманмен бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара еңбек етуде. Нәтижесінде еңбекқорлығымен көзге түскен жас маман аз уақыттың ішінде мекеме директорының орынбасары лауазымына дейін көтерілген.

– Балық қорын молайту мәселесі өңіріміз үшін аса маңызды. Оның адамның ағзасына пайдасы көп. Етін жеу арқылы бауыр ауруларының алдын алуға болады. Балық шаруашылығы дамыса, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық өсіміне де өзіндік үлесін қосар еді, – дейді ихтиолог маман.

Соңғы жылдары тәлімбақтың мамандары мемлекеттік тапсырыс аясында Петропавл және Сергеев су қоймаларына, тағы басқа су айдындарына климатымызға төзімді сиг және тұқы тұқымдас шабақтарды жіберуде.

(Өз тілшіміз).

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp