«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Өлі” көлдегі тіршілік

Айыртау ауданының аумағында орналасқан Саумалкөл көлінің суы таза болғанымен, өте тұзды. Соның салдарынан шығар, бұл су айдынында балық болмаған. Алайда, бірер күн бұрын аудан әкімі Дархан Әмірин жергілікті тұрғындар мен қонақтарға әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы сүйінші хабарды жеткізіп, “өлі” көлде ұзақ уақыттан кейін алғаш рет балық пайда болғанын жеткізді.

“Ильин” жеке кәсіпкерлігінің пайдалануындағы тұзды көлдегі тіршілікті жандандыру үшін арнайы жоба қолға алынған. Оның аясында 4,5 млн. теңге жұмсалып, үстіміздегі жылдың көктемінде осы су қоймасына 3,5 млн. шабақ жіберілген екен. Жоба көп ұзамай нәтижесін берді. Шабақтар жерсініп, өсе бастағаны жайлы әлеуметтік желі арқылы хабарлаған Айыртау ауданының әкімі Дархан Әмірин: “Саумалкөл “тірілді”. Мен қазір қуанышым қойныма сыймай, Саумалкөлге бара жатырмын. Осыдан 4 ай бұрын жіберген шабақтар өлмепті. Біздің көктемгі тәжірибенің қорытындысын өз көзіммен көремін. Тұзды көлде балықтың өлмегеніне таңмын. Көпшілікті бұл жаңалықтың таңғалдырары сөзсіз”, – деп жазды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp