
Екінші орта салмақтағы “WBO Latino” тұжырымы бойынша чемпиондық белбеудің иесі Леонардо Хавьер Гонсалес жол-көлік оқиғасынан қаза тапты.
Оқиға Аргентинаның Тигре қаласында орын алған. 44 жастағы спортшының досы жүргізіп келе жатқан көлік үлкен жылдамдықпен көше бойындағы шамның бағанына соғылған. Леонардо оқиға орында жан тапсырды. Ал жолдасы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Леонардо Гонсалес кәсіпқой рингте 1995-2013 жылдар аралығында 20 жекпе-жек өткізген. Оның 15-інде жеңіске жетіп, бес рет жеңіліс тапқан.