«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨМІР ЖОЛЫ — ӨНЕГЕ

Еңбек ардагері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Зинаида Беева 80 жасқа толды. Туған күн иесін облыс әкімі Ерік СұлЕңбек жолын Мамлют ауданындағы орта мектепте физика пәнінің мұғалімі болып бастаған Зинаида Бееваны құттықтаған облыс әкімі: “Сіз Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің, Сергеев аудандық және Петропавл қалалық партия комитеттерінің хатшысы бола жүріп, үлкен өмір және еңбек жолынан өттіңіз. Сондықтан да болар, Зинаида Сергеевна, сіздің есіміңіз жерлестеріңіздің көпшілігіне таныс. Сіз өмір мектебінде жинақтаған мол тәжірибеңіз бен біліміңіздің арқасында өзіңізге жүктелген міндеттерді мінсіз орындадыңыз. Өз ісіңізге берілгендік пен айналаңыздағы адамдарға деген құрметтің арқасында жерлестеріңіздің арасында зор беделге ие болдыңыз”, – деді. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов ардагерге зор денсаулық тіледі.

Зинаида Сергеевна халық депутаттары облыстық кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін 13 жылдан астам уақыт абыроймен атқарған. Өңіріміздің әлеуметтік саласына жетекшілік еткен кезінде Петропавл қаласы мен ауылдық жерлердегі көптеген әлеуметтік нысандардың ашылуына өз үлесін қосқан. Осы еңбегі зая кетпей, ол Халықтар достығы орденімен, медальдармен, Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Төралқасының грамоталарымен марапатталған.

Туған күн иесін құттықтаған облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев Зинаида Бееваның 15 жылдан астам уақыт облыстық сайлау комиссиясының хатшысы болғанын айтты.

Өңіріміздің қоғамдық жұмысына белсене араласқан мерейтой иесі – бүгінгі күні облыс әкімі аппаратының бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов Зинаида Бееваның еңбек жолы өңірімізбен тығыз байланысты екендігін атап көрсетті. Ол: “Биыл құрылғанына 80 жыл толғалы отырған облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, білім және мәдениет салаларына ардагердің сіңірген еңбегі зор”, – деді.

Зинаида Сергеевнаны қызметтес болған әріптестері мен достары да құттықтады. Жиын соңында ардагерлер облыс әкімі Ерік Сұлтановпен естелік суретке түсті.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp