«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨМІР СҮРУ САБАҚТАРЫ

Адам қандай уақытта өнімді жұмыс істейді? Күннің қай уақытында мидың белсенділігі артады? Жалпы, көпшілік таңғы уақыттың тиімді екенін айтады. “Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық” деген қазақ нақылы да бар. Бұл орайда адам миын зерттеп жүрген ғалымдардың ойы да бір жерден шығады. Олар ми жұмысын зерттей келе мынадай тұжырымға келіпті. Таңғы 6 мен түскі 12-нің арасында адам миы белсенді жұмыс істейді. Егер тарқатып айтсақ, таңғы 6 мен 7-нің арасында ұзақмерзімді есте сақтау қабілеті іске қосылады екен. Осы мезетте оқыған қандай да бір деректер біздің жадымызда ұзақ сақталады. Мектеп оқушыларының мұны қаперінде сақтағаны жөн. Олар осы уақытта ерінбей тұратын болса, мұғалім тапсырмасындағы ережелер мен тақпақтарды тез жаттауға мүмкіндік алар еді. Сондай-ақ, уақыт жағынан да ұтатыны анық. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp