Солтүстік Қазақстан облыстық статистика департаментінің ақпаратында айтылғандай, үстіміздегі жылдың бес айының қорытындысы бойынша өңірдің тағам, жеңіл және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары өндіріс көлемін ұлғайтқан.
Өндіріс көлемі ұлғайған тағам өнімдерінің қатарында сусындар, ұн, кондитерлік және тоқаш тағамдары, нан, құс еті, шұжық бар.
Жұмыс киімдерін тігу 2,3 есе артқан. Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру үш есе, ал дәрі-дәрмектер өндірісі 2,5 есе өсті. Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 16,3 пайызға, электрмен, газбен жабдықтау 15,7 пайызға ұлғайған. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесінің жұмысы, қоқыстарды жинап, орналастыру 7 пайызға артты.
Облыстық статистика департаментінің деректеріне қарағанда, өткен уақыттың ішінде өңдеу өнеркәсібі 43,4 миллиард теңгенің өнімдерін өндірді. Өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірген өнімдері – тұтастай алғанда, 66,6 миллиард теңге.