«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТ ЖИІЛЕП ТҰР

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы биыл 198 кәсіпорынды тексеріп, Еңбек кодексінің 617 рет бұрмаланғанын анықтады.

Нәтижесінде 150 заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, 9,9 миллион теңгенің айыппұлы салынды. Еңбек қауіпсіздігін бақылау және қорғау бөлімінің жетекшісі Бақтияр Жанбутиннің сөзіне қарағанда, жалақы төлеу жөнінде ілгерілеу байқалғанымен, түйінді мәселелер түбегейлі шешілген жоқ. Мәселен, былтыр еңбекақыны мерзімінде өтемеген 40 жұмыс берушіге жаза қолданылса, биыл бұл көрсеткіштің саны – 21. Заңды бұзғандарға 2,3 миллион теңге айыппұл салынып, 96 миллион теңгенің еңбекақы берешегі анықталған. Бүгінде “Новороссийск АТП-С” ЖШС-ден 3,2 миллион теңге еңбекақы қарызын өндіріп алу жұмыстары жүргізілуде.  

Керісінше, жұмыс орындарындағы бақытсыз жағдайлардың көбейгені байқалады. Жыл басынан бері 35 адам өндірістік жарақат алып, 2 адам көз жұмған.

  Бақыт РАМАЗАН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp