Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз МақтайСағдиевтің туғанына 90 жыл толуына орай көрме өтті. Бұл шараға марқұмның туған-туыстары, бұрынғы әріптестері мен Көкшетау, Нұр-Сұлтан қаласынан келген қонақтар қатысты.
Көрмеге қоғам қайраткерінің фотосуреттері мен құжаттары, оның өмірі мен елге сіңірген еңбегі жайлы жазылған кітаптар қойылды. Қонақтар тарапынан елдің дамуына атсалысқан жерлесіміздің абыройлы қызметі, азаматтық тұлғасы жайлы жылы лебіздер айтылды.
Бұл шара одан әрі Оқушылар сарайында жалғасын табуда.