«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕГЕЛІ ӘУЛЕТ

Өнегелі әулеттерді жастар арасында насихаттау, қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайту – қазіргі заманның ең басты міндеттерінің бірі. Өйткені, мемлекеттің ұйытқысы да, алтын арқауы да – отбасы. Әрбір жас шаңырақтың діңі мықты болса, елдің де еңсесі биік тұрмақ. Өңірімізде өзгелерге үлгі-өнеге ретінде көрсететін әулеттер аз емес. Солардың бірі – Тимирязев ауданында тұратын Ескендіровтер отбасы.

Көпбалалы отбасыны аудан тұрғындары бақытты әулет, берекелі шаңырақ ретінде таниды. Ерлі-за­­йып­ты Зият Жансерікұлы мен Ботагөз Фазылқызы­ның қаладағы жанға жайлы тұрмысты ауылдың ты­нымсыз тіршілігіне айырбастағанына, міне, 20 жыл­дың жүзі болыпты. Он бала тәрбиелеп-өсірген ба­қытты жұп бүгінде ауылдастарының арасында үлгілі ата-ана, ұлағаты мол ата-әже болып отыр.

Зият Жансерікұлы мен Ботагөз Фазылқызы ұзақ жылдар бойы білім беру саласында тынымсыз еңбек етіп, абырой биігінен көріне білді. Екеуінің педагогика саласындағы ортақ еңбек өтілі 75 жыл. Осы аралықта тәлімгерлер алдынан талай бала қияға қанат қағып, үлкен өмірде өз жолдарын тапты. Солардың бірі ре­тін­де мен де ұлағатты ұстаздардан білім нәрінен су­сын­дап, тәлім-тәрбие алғанымды мақтан етемін. Зият Жансерікұлы барлық шәкірттерін жақсы білім алуға шақырса, Ботагөз апай бәрімізді тәртіпті бо­лу­ға үндейтін. Олар әр кез сабырлы, байсалды көрінетін. Қабақ шытып, дауыс көтергенін көрмеппіз. Асыл жан­дар бұл қасиеттерін балалары мен немерелерінің де бойына сіңіре білді. Олар бүгінде айналасына жақсы тәлім-тәрбиесімен танылуда.

Отағасының тың, сергек көрінуі Құдай қосқан қоса­ғының қамқорлығының арқасында болса керек. “Жақ­сы әйел – жігітке біткен бақ, жақсы жер, жайлы қоныс – алтын тақ” демекші, бүгінде Зият ағамыз өткен өмі­рі­не тәубе етіп, зайыбына тәрбиелі ұл-қыз сыйлағаны үшін алғыс айтудан талмайды. Шаңырақтағы көп нәрсе, әсіресе, әйел затының ішкі жан дүниесінің бай­лығынан нәр алып, жақсы адами қарым-қатынасқа ұласатыны даусыз. Ботагөз апамыз үйдің сәнін ғана емес, ағайын-туыс, жақын таныс – бәрінің көңілінен шы­ғуды көздеген пейілі кең, қолы ашық, жөн-жосықты жақсы білетін, ақылды жан. Өзінікінен бұрын, ерінің туысқандарына ерекше ықылас көрсетіп жүруі де – бойындағы көрегендіктің белгісі. Бүгінде өз ең­бектерінің жемісін, балаларының қызығын көріп отыр­ған отбасыға әркім қызыға қарайды.

Оксана СЕЙСЕНБАЕВА.

СУРЕТТЕ: Ескендіровтер әулеті.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp