«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен жиында зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен оқытушылар, студент жастар көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеневтің өмірі мен қызметі жайлы әңгіме қозғады.

“Сонау жалаң қолмен от ұстағандай кеңес өкіметі тұсында еліміздің бірқатар өңірлерінің өзге мемлекет аумағына өтіп кетпеуіне азаматтық ұстаныммен, ерекше табандылықпен қарсы шыққан бірден-бір қайраткер – Жұмабек Тәшенев”, – деді “Асыл мұра” орталығының жетекшісі Таңат Сүгірбаев.

Шара барысында оның көзін көріп, дәмдес болған тыл ардагері Жасұлан Құдабаев мемлекет және қоғам қайраткерінің, ұлт жанашырының мінезіне тоқталып, ер-азаматқа тән бітім-болмысын, бірсөзділігін, шыншылдығын, әділдігін әңгімеледі.

Жиында сөз алған облыстық мұрағаттың директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Мәлікова қайраткердің Қызылжар өңіріндегі қызметіне кеңірек тоқталды. Оның тың игеру жылдарында жасаған іргелі ісі баяндалған “Тың жылдары – тарих толқынында” атты кітабын таныстырды.

Еңбек ардагерлері Төлепберген Тілегенов, Рүстем Уәйісов, Елтай Құсайынов жылы лебіздерін білдірді.

Шара соңында қатысушылар біртуар тұлға жайында жазылған кітаптар мен естеліктер қойылған “Жұмабек Тәшеневті ұлықтау – ұрпақтар парызы” атты көрмені тамашалады.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp