«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ӨНЕГЕ” ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Бүгін “Отбасылық академия” қоғамдық қоры мен “Мой ребенок” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыс орталығындағы “Скиф” қонақүйінде “Өнеге” өңірлік форумы басталды. 

Онда отбасы, балалар тәрбиесі мәселелерімен айналысатын ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер басшылары қиын жағдайға тап болған шаңырақтардың мәселелерін талқылап, тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою шараларының жүзеге асырылу барысына тоқталуда. “Отбасылық академия” қоғамдық қорының өкілі Татьяна Ковалеваның айтуынша, бүгінде қоғамда балаларға қоқан-лоққы көрсету фактілері жиілей түскен. Сонымен қатар кәмелетке толмаған балаларды заңсыз жолмен жұмысқа тарту жағдайлары белең алған. Мұның бәрі отбасылық құндылықтарды насихаттамау және бала мен отбасын қорғауға бағытталған әлеуметтік қызметтердің жоқтығынан орын алып отыр. Форум барысында бұл саламен айналысатын мамандар отбасын қолдау жобаларын ұсынып, балалар мен жасөспірімдер суицидінің алдын алу бойынша әзірлеген әдістемелік бағдарламаларымен таныстыратын болады. 

Сурет https://www.m24.ru сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp