«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕРКӘСІПТІК КӨМІР ШЫҒАРАДЫ

Өткен мереке күндері Айыртау ауданында “Компания Углежог” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағаш сүрегін тереңдете өңдейтін цехты ашты. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында жүзеге асырылған жобаның жалпы құны – 450 миллион теңге. Компания түрлі түсті және қара металды өндіру кезінде пайдаланылатын жоғары көміртекті өнеркәсіптік ағаш көмірін шығаратын болады. Цех толық қуатында жұмыс істесе, айына 300 тонна өнім дайындай алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp