«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕРЛІ БАЛҒЫНДАР

Облыс орталығындағы “Алтын бесік” балабақшасының тәрбиеленушілері Нұр-Сұлтан қаласында өткен “Феерия” балалар және жасөспірімдер шығармашылығы халықаралық конкурсынан жүлдемен оралды. 

Балабақшаның тәрбиеленушілері үш аталымда өнер көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. “Еркетай” хореографиялық ансамблі осызаманғы үлгідегі халық биін билеп, бірінші орынды еншіледі. 

Бүлдіршіндер ән айтудан да алдарына ешкімді салмады. Айару Сәрсенбайдың тамылжыта шырқаған әні көпшіліктің көңілінен шықты. Қарлығаш биі туралы тарихи аңызды әңгімелеп берген кішкентай жерлестерімізге көрермендер де, қазылар да дән риза болды.
Балалардың барлығына кубок пен диплом табыс етілді. Олар енді Бурабайда өтетін халықаралық конкурсқа аттанбақ.

“Қызылжар-Ақпарат”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp