«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕРТАПҚЫШТАР ФЕСТИВАЛІ

Петропавлдағы Оқушылар сарайында “Солтүстік Қазақстанның жас өнертапқыштары – 2019” фестивалі өтті. Биыл қатарынан екінші рет ұйым­дастырылып отырған шараға 10-18 жас аралығындағы талантты жасөспірімдер қатысты. 

Оқушылар сарайы директорының орынбасары Нұрзия Майлинаның айтуынша, дарынды өрендерді ынталандыру мақсатында енді бұл фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

– Бүгінде технологиялық дамудың негізгі кілті ғылыми жаңалықтар мен инновация екені сөзсіз. Сондықтан қазіргі таңда осы бағыттағы бастамаларды, стартаптарды, ғылыми және ІТ-жобаларды қолдаудың маңызы зор, – дейді Нұрзия Майлина.
Биыл сайысқа қатысушылар 49 жоба ұсынды.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен олардың жетекшілері дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Ал қатысушыларға сертификат табысталды.

 

Қанат АТАМАНОВ,
“Soltústik Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp