Облыс орталығындағы “Ай-бөбек” қосымша оқыту орталығы – қазақтілді балаларды мектепке даярлайтын мекеме. Онда бүгінде қырықтан астам өрен тәрбиеленуде. Мекемедегі білікті педагогтар балаларға мектептің бағдарламасын меңгеруге септеседі. Оқудан тыс уақытта олар есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттырып, өзгелермен қарым-қатынас жасауды үйреніп, ментальді арифметика курстарына қатыса алады.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.