«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ӨРЛЕУ” ЖОБАСЫНЫҢ ӨРІСІ КЕҢ

“Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында әлеуметтік қызметкерлер “Өрлеу” жобасына байланысты жергілікті тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында Архангелка, Боголюбово елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Алма Махметова “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асырудың тәртібі мен бағыт-бағдары жөнінде, ал осы мекеменің бас маманы Әсел Айсақова “Өрлеу” жобасына қатысудың ережелері туралы ақпарат берді.

Өз кезегінде Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Сұлтанғазин “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ақтарылып жатқан жұмыс жайлы баяндады. Ол жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бағдарламада белгіленген өзге де санаттағы адамдар аталмыш бағдарламаға қатысушылар болып табылатындығын атап айтты. Сондықтан жеке кәсіптік бастамаға қолдау алуға тілек білдірген азаматтар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгініп, онда тиесілі несие алудың тиімді нұсқаларымен таныса алады. Өйткені, орталық жұмыс істеймін және өз кәсібімді ашамын деген тұрғындарға көптеген мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда көрсетілетін мемлекеттік қолдау да қомақты.  

Ботагөз ОРАЗБАЕВА,

 Қызылжар аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp